Жанабаев М «ШЧ-38 Арыс» Бас инженері
Шымкент қаласында орналасқан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжімен тығыз байланыстамыз. Колледж студенттерін практикалық іс тәжирбеден өткізу жұмыстарын жүргізудеміз. Осы оқу орнында білім алып жатқан болашақ жастарымыз, темір жол саласы бойынша қызметтерді жүргізуге және еліміз үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелейтін білім мекемесі. Айтар болсақ облыс және қала бойынша бірден бір бірегей оқу орыны болып табылады десем қателеспеймін. Сондықтан осы колледж студенттері арасынан жақсы іс тәжирбеден өткен білікті маман жастарды бірге жұмыс жасауға шақырудамын. Сонымен қатар Қазақстан темір жолы саласы бойынша жақсы денгейде мамандар дайындайтын білім ордасы болғандықтан, осы оқу орынмен үнемі бірігіп жұмыстар жүргізудеміз. Қазақстан темір жолынының өркендеуіне және жақсы жұмыстар атқаруына атсалысамын деген, еліміздің талапкер жастары, осы білім ордасын тандаса деген ойым бар.