«Наши выпускники»

«Наши студенты - будущие железнодорожники» благие намерения наших выпускников

Жарылқапов Бекзат «Patentes Talgo Жолсерігі»

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Шымкент көлік колледжі біздерге сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, үлкен өмірге жолдама берді. Жолдама алған түлектердің жанарынан өз мамандығына деген кәсіби көзқарас, ұшқын байқалды. Колледж студенттерінің жұлдызды шеруінің өзінен-ақ, олардың биік мақсатқа өрлеп келе жатқанын сөзсіз жүрекпен ұғып, ерекше қимастықпен қарадық. Қасиетті қарашаңырақты бітіріп отырған біздердің арманымыз асқақ. Көлледжде өткен алтын уақытымыздың – жүрегімізде ұмытылмай мәңгі жатталып қалары сөзсіз. Осы колледжді бітіріп, міне, «Patens Talgo Жолсерігі» болып қызмет атқарып келемін, менің арманым орындалды. Сіздерге де алдағы уақытта мектеп бітірген уақытта, мамандықты дұрыс таңдап, осы аталған колледже түсулеріңізге тілектеспін!

Орынбасар Айнұр «Шымкент станциясы-Бірінші дәрежелі техник»

Мен, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Шымкент көлік колледжін бітіріп, елімізге, жерімізге сіңіретін еңбектеріммен өз нәтижелерімді көрсетуге бар жігерімді салудамын. Өз колледжімді, ондағы жұмыс атқарып жатқан білікті де білімді ұстаздарды мақтанышпен айтуға болады. Бізді тәртіпті, білімді етіп шығарған колледждің құрметті ұстаздарына алғысым шексіз! Рас, қазіргі таңда колледждер көп, бірақ солардың ішінде мен колледждердің бірегейі ретінде осы колледжге түсіп, білім алсаңыздар, келешекте керемет маман иесі болып шығатындарыңызға менің сенімім мол, себебі, мен өзім аталған колледжге түсіп, қазіргі уақытта «Шымкент станциясы-Бірінші дәрежелі техник» болып қызмет атқарып келемін. Мен осы колледжді таңдап, осы колледжде білім алып, мамандығым бойынша жұмыс істеп жүргенімді мақтанышпен айта аламын!