Тіл мерекесіне орай іс-шара
Бүгін колледжімізде Тілдер мерекесіне арналған “Тіл – татулықтың алтын көпірі” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптейтін өлеңдер оқып, ән шырқап, сахналық қойылымдар көрсетті.
Шараның негізгі мақсаты – жастарды тілге құрметпен қарауға, туған тілін бағалауға және көпұлтты еліміздегі ынтымақ пен бірлікті нығайтуға шақыру.