8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Біздің серіктестер

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің келісім – шарттар жасалған серітестері

Мамандық атауы және біліктілігі Тәжірибе өтетін мекемелер Келісім-шарт түзілген уақыт
1 0904000 «Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                                               магистралды желі бөлімшесі». 14.01.2021 ж.
2 1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»

«S.G.M. Group» ЖШС;

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС; «ГП- Шымкент бөлімшесі»

«Astana Railway Services» ЖШС;

ТЧЭ-32 Арыс локомотив пайдалану депосы;

«Шымкент Локомотив Сервис» ЖШС.

18.01.2021 ж.

18.01.2021 ж.

 

19.01.2021 ж.

 

19.01.2021 ж.

 

20.01.2021 ж.

3 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ГП-Шымкент бөлімшесі»;

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ГП-Шымкент бөлімшесі» Арыс стансасы.

13.01.2021 ж.

 

18.01.2021 ж.

 

4 1303000  «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                        магистралды желі бөлімшесі» 14.01.2021 ж.
5 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                       магистралды желі бөлімшесі» 14.01.2021 ж.
6 1409000  «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                                               магистралды желі бөлімшесі» 14.01.2021 ж.
7 07130600 «Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                                               магистралды желі бөлімшесі» 17.11.2021 ж.
8 07140700 «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                        магистралды желі бөлімшесі» 17.11.2021 ж.
9 07140900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент                      магистралды желі бөлімшесі» 17.11.2021 ж.
10 07160500 «Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

«SAS-Tobe Technologies»ЖШС;

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ГП- Шымкент бөлімшесі».

01.11.2021ж.

17.11.2021 ж.

11 07160600 «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ГП-Шымкент бөлімшесі»;

«Шымкент Рем Сервис» ЖШС

17.11.2021 ж.

28.12.2021 ж.

12 07320800 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент магистралды желі бөлімшесі» 17.11.2021 ж.
13 10410200 «Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ГП- Шымкент бөлімшесі» 17.11.2021 ж.

 

 

Әлеуметтік серіктестіктер

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент бөлімшесі ГП» «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Локомотив», «Арыс локомотив пайдалану депосы» «S.G.M.Group» ЖШС «Oilers» ЖШС «Шымкент Локомотив Сервис» ЖШС «Қазақстан темір жолы»ҰК АҚ-ның «Шымкент магистралдық желі бөлімшесі» ШЧ-37 Шымкент белгі беріу және байланыс дистанциясы ТД-16 Локомотив айналым депосы

Серіктестіктеріміздің біз туралы пікірі

Шымкент қаласында орналасқан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжімен тығыз байланыстамыз. Колледж студенттерін практикалық іс тәжирбеден өткізу жұмыстарын жүргізудеміз. Осы оқу орнында білім алып жатқан болашақ жастарымыз, темір жол саласы бойынша қызметтерді жүргізуге және еліміз үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелейтін білім мекемесі. Айтар болсақ облыс және қала бойынша бірден бір бірегей оқу орыны болып табылады десем қателеспеймін. Сондықтан осы колледж студенттері арасынан жақсы іс тәжирбеден өткен білікті маман жастарды бірге жұмыс жасауға шақырудамын. Сонымен қатар Қазақстан темір жолы саласы бойынша жақсы денгейде мамандар дайындайтын білім ордасы болғандықтан, осы оқу орынмен үнемі бірігіп жұмыстар жүргізудеміз. Қазақстан темір жолынының өркендеуіне және жақсы жұмыстар атқаруына атсалысамын деген, еліміздің талапкер жастары, осы білім ордасын тандаса деген ойым бар.

Жанабаев М.

«ШЧ-38 Арыс» Бас инженері

Қазақстанның Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқаратын ұлттық компания. Еліміздің өркендеуіне бірден бір үлесін қосып келе жатқан сала болғандықтан, Шымкент қаласының аумағында орналасқан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің ұжымымен қарым қатынасымыз жақсы. Осы білім ордасында оқып жатқан студенттер оқу практикасын біздің мекемеде өткізуде. Қазақстан темір жол саласының жақсы жетістіке жетуі бойынша білім алып жатқан студент жастарымызды, тәлім тәрбие беріп, еліміздің өркендеуі үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеудеміз. Түркістан облыс және шымкент қаласы бойынша темір жол саласына мамандар дайындайтын бірден бір оқу орыны М.Тынышбаев атындағы Қаз ККА Шымкент көлік колледжі болып табылады. Сондықтан осы колледждің бітіруші түлектерін, біздің мекемеден практикадан өткен студент жастарды, жұмысқа шақырудамыз. Қазақстан темір жолы саласы бойынша жақсы денгейде мамандар дайындайтын білім ордасы болғандықтан, оқу орынмен үнемі бірігіп жұмыстар жүргізіледі. Отанымыздың өркендеуіне соның ішінде Қазақстан темір жолынының жақсы қалыптасуына өз үлесімді қосамын деген талапкер жастары, осы аталмыш оқу ордасында жақсы білімің алып үлкен белестерден көрінсе деген ойым бар. Біздің мекемемен алдағы уақытта екі жақты келісім бойынша болашақ еліміздің жастарына оқу орнымен бірлесіп жұмыстар атқарамыз деп ойлаймын.

Ескермесов Б.

«S.G.M. GRUP» ЖШС директоры

Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Сонымен Шымкент қаласындағы Ж.Аймауытов №1а көшесінде орналасқан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің ұжымымен тығыз қарым қатынастамыз. Колледж студенттерін оқу практикалық іс тәжирбеден өткізу жұмыстарын бірлесе атқарудамыз. Осы білім мекемесінде білім алып жатқан жастарға Қазақстанның темір жол саласы бойынша жұмыстарды жүргізуге және еліміз үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеудеміз. Облыс және қала бойынша бірден бір бірегей оқу орыны болып есептелінеді. Сондықтан осы колледждің бітіруші түлектерін, өзіміздің мекемеден іс тәжирбеден өткен білікті маман жастарды, жұмыс жасауға шақырудамын. Сонымен қатар Қазақстан темір жолы саласы бойынша жақсы денгейде мамандар дайындайтын білім ордасы болғандықтан, оқу орынмен үнемі бірігіп жұмыстар жүргізудеміз. Қазақстан темір жолынының өркендеуіне өз үлесімді қосамын деген еліміздің талапкер жастары, осы аталмыш білім ордасын тандап оқыса деймін. Алдағы уақытта екі жақты келісім бойынша жұмыстар жүргіземіз деген сенімдемін.

Мырзахметов М.

«Арыс станция» Бас инженері

Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін темір жол кешенін дамытудың, экономиканы әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңызы зор. Осы орайда, бұл межені жетілдірудің озық мамандарын дайындауда Шымкент қаласындағы М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің еңбегі орасан. Дәл осы себепті аталған колледжбен екі жақты келісім-шарт түзіліп, бірлесе жұмыс атқаруда және де бітіруші түлектерін біздің мекемеде практикадан өтіп, жұмыс жасауына ерекше қызығушылық танытамыз. Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірістерді дамыту елдің экономикалық саясатының басымдығы болып саналатынына назар аударуда. Сондықтан да, еліміздің талапкер жастарына айтарым, Қазақстандағы озық колледждердің қатарындағы оқу орны, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжін таңдауға шақырамын.

Амиров С.

«Сарыағаш станция» Бас инженері

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының магистралдық теміржол жүйесінің иесі болып, оны пайдалануды қамтамасыз етеді, жүк және жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырады, Қазақстаннан экспорттық жүк жалпы көлемінің едәуір бөлігін атқарады. Бүгінгі күні Шымкент қаласындағы М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің темір жол саласын жетілдіру және теміржол көлігі саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, сонымен қатар бюджет мөлдірлігін қамтамасыз етуде жасап жатқан жұмысы көңіл қуантарлық. Сондықтан арнайы келісімге қол қойып бірлесе жұмыс жасаудамыз. Бұл дегеніміз – аталмыш колледждің бітіруші түлектерін өз мекемеміздің қатарынан көргіміз келеді деген сөз. Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамып келе жатқан саласы болып табылады. Оның өндірістік және техникалық ұстанымы тұрақты өсіп, бірнеше мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады. Осы себепті еліміздің біршама талапкер жастары жоғарыда аталған колледжді таңдайды деп ойлаймын.

Баизаков Ғ.

«ВЧД Арыс» Бас инженері

Skip to content