8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Колледж туралы

Колледж тарихы

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің ғимараты 1980 жылы салынған. Қазіргі таңда аталған колледж директоры Абызбаев Багдаулет Ермаханович. Колледжде техникалық бағытта оқу жүргізіледі. Колледж Шымкент қаласы, Аймауытова №1 үйде орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы: 3603 кв. м., 5- қабатты, 1500 білім алушыға арналған. Колледжде күндізгі және сырттай білім алуға болады. Барлық дәрісханалар заманауи технологиямен жабдықталған

ЛИЦЕНЗИЯ

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішіндегі Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша темір жолшы мамандарын даярлайтын оқу орны. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының ЖШС Шымкент көлік колледжі «Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №596 қаулысына сәйкес академия филиалы негізінде 28.08.2007 жылы ашылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасынан Шымкент көлік колледжі 2007 жылы, шілденің 23 күні мемлекеттік тіркеуден өткен. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 26745-1958-ЖШС. Бизнес сәйкестендіру нөмері: 070740005484. Шымкент көлік колледжіне Оңтүстік Қазақстан облысының білім департаментімен 2007 жылдың 28 тамызында сериясы АБ №0038305 мерзімі шексіз мемлекеттік лицензиясы берілген.

Колледж миссиясы: «Еңбек нарығында Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның экономикасын және өндірістік-әлеуметтік деңгейін көтеруде, темір жол саласында жаһандық бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейлі теориялық және тәжірибелік дағдыларды қалыптастырған, инновациялық технология мен озық іс-тәжірибені пайдалану негізінде білікті мамандар дайындай отырып, тәжірибелік өмірде, экономикалық қызметте және қоғамдық қатынастарда сұранысқа ие алдыңғы қатарлы колледждер санатына қосылу». Колледж миссиясын жүзеге асыруда – бірыңғай білім беретін, инновациялық және ақпараттық ғылыми кешенді, ұлттық инновациялық жүйенің қалыптастырылуы мен тұрақты қызметін қамтамасыз ететін жаңа типті колледж үлгісін құруға бағытталған. М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі – Қазақстан Республикасының білім беру нарығындағы темір жол мамандарын даярлауда көшбасшылыққа, қарқынды түрде даму үстіндегі материалдық-техникалық базаға, заманауи оқыту технологияларын енгізуде инновацияларды қолданатын алдыңғы қатарлы отандық білім беру ұйымдарымен белсенді және тең құқылы серіктестікке, оқытушылардың педагогикалық және ғылыми біліктілігін арттырудың дамыту жүйесіне ие, темір жол саласында кәсіптік тәжірибені толық меңгертетін, әлеуметтік жауапкершілікті көтеру негізінде білімнің қазіргі парадигмасын ілгерілету үшін барлық әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайтатын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымының оқу мекемесі.

Колледж ұсынатын білім беру қызметтері студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Колледжде 6 мамандық бойынша білікті мамандар даярлауды жүргізеді. Бұл мамандықтар бойынша лицензиялар толық бар. Темір жол саласына деген қызығушылығы бар білім алушы саны күннен-күнге артуда. Қазіргі таңда мыңға жуық студенттер білім алуда. Білім алушыларға жоғары санатты, І санатты, ІІ санатты оқытушылар мен магистрлер: 0904000 «Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану», біліктілігі: 090403 3 «Электромеханик», 1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту», біліктілігі: 110818 3 «Техник-электромеханик», 1203000 «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», біліктілігі: 120309 3 «Тасымалдауды ұйымдастырушы техник», 1303000 «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару», біліктілігі: 130304 3 «Электромеханик», 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс», біліктілігі: 130612 3 «Техник-радиотехник», 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», біліктілігі: 140905 3-Техник-жолшы-құрылысшы мамандықтары бойыншы сапалы білім беруде.

Колледж Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басшылыққа ала отырып, «2015-2020 жылдарға арналған колледж дамуының Стратегиялық жоспары негізінде жұмыс жасайды. Білім беру бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыруда колледжде оқу өндірістік база, оқу зертханасы, жатақхана, асхана, дәрісханалар, оқу залы, спорт залы білім алушылар контигентіне заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Өзін-өзі бағалауды құру үшін сапа процесі бойынша жауапты барлық оқытушылар, дәрісхана меңгерушілері, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары, жұмыс берушілер қатыстырылды. Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы білім берудің жаңа сапасына жетуге байланысты студенттер мен педагог-қызметкерлерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелерін жүзеге асырып, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін көтерді. Осыған сүйене отыра білім алушылар мен кітапхананың өзара байланыс жасауға арналған міндеттерін шешу басты мәселе болып табылады. Заманауи білім беру мен оқыту процесі де осыған байланысты.

Жалпы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі Оңтүстік Қазақстан облысындағы темір жол саласы бойынша білім беретін оқу орны. Колледждің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ынталы, білімді студенттер.

Колледждің арнайы веб-сайтында (www.shtk.edu.kz) білім беру бағдарламаларының мақсаттары, міндеттері, өткізілген іс-шараларының барлық ақпараттары салынып, білім алушылар, қызметкерлер, жұмыс берушілер толықтай ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Директорға арналған блогында кез-келген студент және мұғалім өтініш бере алады. Оқытудың нормативтік мерзімдері: Негізгі орта білім базасы негізінде – 3 жыл 10 ай; Жалпы орта білім базасы негізінде – 2 жыл 10 ай;

Біздің негізгі мақсатымыз: темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс саласында бәсекеге қабілетті білікті де тәжірибелі маман даярлау. Темір жол саласына қатысты мамандықтар – жауапкершілігі жоғары, үнемі білім мен тәжірибені шыңдауды талап ететін өте қажетті мамандықтардың бірі болып отыр. Сондықтан, ол еңбек нарығында сұранысқа ие, қажет мамандық. Оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасайтын колледждің оқу-әдістемелік қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Тілдер» туралы Заңына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына», 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік ережелері және оны сайлау тәртібіне», мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

Колледждің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметін іске асырушы, жүргізуші орган – әдістемелік кабинет оқытушыларға оқу-әдістемелік кешендерді, ашық сабақтарды дайындауға, әдістемелік тақырыптар бойынша жұмыс оқу бағдарламалары, баяндамалар дайындауда, конкурстар мен байқауларға дайындалуға жүйелі түрде жеке кеңес берушілік көмек көрсетеді. Колледж басшылығы академиялық адалдықты қолдау саясаты бойынша білім алушылар мен қызметкерлерді кез-келген құқықты шектеу мен тәртіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді. Іс-тәжірибелер – оқу барысының құрамдас бөлігі болып табылады және оқушының өзі тандаған мамандығы бойынша алған теориялық білімдерін өндіріс жағдайында іс-әрекет дағдылары жұмыстарын қалыптастыру мақсатын көздейді.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі білім беру қызметі әртүрлі санаттағы білім алушылар қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған академиялық саясат негізінде құрылған, ол колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша, ақылы негізде білім алатын, басқа да ұйымдар қаражаты есебінен, ақылы негізде түскен аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге жеңілдіктер жасау арқылы білім беруді көздейді. Сонымен қатар оқуда және қоғамдық өмірдегі жетістіктері, ата – ана қамқорынсыз қалған, ата – анасы темір жол саласында көп жылдан бері жұмыс істегендігі үшін жеңілдіктер беріледі, студентке сапалы білім алу үшін барлық жағдайды құрылған. Ақылы негізде оқитын студенттерге оқуда және қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін колледждің педагогикалық кеңестің шешімімен тұл жетім, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге колледж тарапынан жеңілдіктер беріледі. Студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету туралы ақпарат (ақы бойынша жеңілдіктер, колледж гранттарын беру, материалдық көмек көрсету) дер кезінде хабарланып отырады.

 

Стратегиялық даму жоспары

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің стратегиялық мақсаты:

2025 жылға қарай отандық білім берудің халықаралық деңгейдегі позициясын нығайту мүддесінде жүйелі оқытудың жаңа сапасына қол жеткізу үшін жоғары білікті орта деңгейдегі мамандарды дайындау бойынша колледждің жетекші позицияларын нығайту және дамыту.

Skip to content