8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Кітапхана

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің кітапханасы туралы мәлімет

  1. Оқырмандарды кітапхана жүйесімен таныстыру 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап кітапхана жұмысы басталды. 1 курс студенттерін Киелі кітапхананың жүйесімен таныстырумен және жаңа оқырмандар формулярларын ашумен басталды. Бүгінгі таңда бірінші курс студенттері мен бірге, жалпы 250 оқырман формуляры қосылды Кітапхана бекітілген жұмыс жоспары мен қызметкерлердің міндеттемелік нұсқаулықтары бойынша жұмыстар жүргізеді. Жыл сайын оқырмандар саны көбейіп артып отырады.

Тәуелсіздік алған еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыт бағдардан бастау алған білімді, ізденімпаз оқырмандарымыздың ақпаратқа деген сұранысы өте жоғары. Сондықтан да әрбір оқырманның сұранысына орай кітапханада  кітаптар, электронды оқулықтар мен көркем әдебиеттердің, компюьтерлік технология қызметті жүйесінің болуы, жаңа заманның бәсекеге қабілетті, мәдениетті, рухани жан дүниесі бай нағыз адамды тәрбиелеуде орасан маңызды рөл атқарады.

  1. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оған басылымның келесі түрлері жатады: барлық білім салалары бойынша оқу әдебиеттері; оқу-әдістемелік әдебиеттер; ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар. Электронды қордың құрамы: электрондық оқулықтар, оқытушы-профессорлар құрамының электронды түрдегі еңбектері, Интернет ресурстары, мәліметтер базалары. Жыл сайын бірлестік сұраныстары негізінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді сатып алудың жоспары құрастырылады.
  2. Кітапхана мақсаттары: Оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.  Бөлімнің негізгі мақсаты кітапхана қорын колледждің ғылыми ізденістері мен оқу пәндерінің профиліне сәйкес түрлі толықтыру көздерімен және де кафедра референттерімен тығыз байланыста толықтырып отыру.

Кітапхана процестерін компьютерлендіру – жаңа технологияларды, электронды оқулықтарды және Интернет қорын пайдалануға байланысты кітапханада  мүмкіндіктер жасалған. Кітапхананың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жаңарту мақсатында, кітапхана жаңа үлгідегі соңғы шыққан компьютерлермен толықтырылған. Оқу залында оқырмандар  өздерінің білімін арттыру үшін оқулықтар мен қатар компьютерлерге алдын ала жинақталған электрондық  оқулықтар қорын пайдалана алады және электронды каталогтардың мәліметтер базасы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Осы тұрғыда оқытушылар мен студенттер үшін «Оқуға көмек ретінде» және «Педагогика көмек» ретінде директор жанындағы жиналыстардағы берілген тапсырмаларды оқу залында оқытушылардың пәндері бойынша жазба және электрондық түрде әр пән бойынша лекциялар мен тесттер жинақтары тапсыруларын қадағалап, жинақталуда.

  1. Кітапхана қорын толықтыру көздері: Оқу жылының басталуына, кітаптар қорын толықтыру үшін, бірлестік сұранысы бойынша, «Казахский национальный университет имени Аль-Фараби» МОН РК, ТОО «Книжный центр Эрудит», «Арыс», «Қазақ тілі», «Бастау», «NURPRESS», «Лантар Тред», «Альманах» ,«Эрудит», «Мектеп» және «Адал» баспалары және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Кітапхана қоры мемлекеттік сатып алу бойынша мерзімді басылымдар арқылы толықтырылады.
  2. Қазақстандық электронды ресурстар – Қазақстан кітапханаларындағы кітаптардың электрондық көшірмелер жинағы, олардың ішінде Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана Қазақстан кітапханаларындағы кітаптардың электронды көшірмелер топтамасы, соның ішінде Алматыдағы Көлік және логистика акадмиясының кітапхана қоры, ҚР Ұлттық кітапханасы, Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің » Аль-Фараби » атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы, Ғылыми орталықтар, Шымкент Теміржол кітапханасы, облыстық кітапханалар, арнаулы оқу орындарының кітапханалары және жеке авторлардың: танымал ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлердің топтамалары. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында басылып шыққан кітаптардың толық топтамасы. «Әдебиетпорталы» әдебиетәлемі. Оқыңыз. Тыңдаңыз. Көріңіз. Қатысыңыз. Бірге болыңыз!

Оқу барысында студенттер арасында өздеріне қажетті кітаптарды қалай, қай жерден іздеу керектігі жөнінде көптеген түсініспеушіліктер мен сұрақтар тууы мүмкін. Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалдық деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген. Сондықтан да олардың қажетті талап-тілектерін орындау, жаңа ақпарат көздерін  дер кезінде ашып, оны кітапхана оқырмандарына жедел хабарлап отыру біздерге, кітапханашыларға үлкен міндеттерді жүктейді.

Кітап қоры құрылымының сапалылығы әр сала бойынша мамандықтардың оқу жоспарына негізделген. Кітап қоры толығымен каталогтар мен картотекаларға енгізілген. Әр тоқсан сайын жаңа келіп түскен әдебиеттерге, оқулықтарға арнайы ақпараттық бюллетеньдер шығарылуда.  және жаңа кітаптарға ашық көрмелер ұйымдастырылып тұрады.

Ақпараттық технологиялардың даму қарқыны бүгінгі жас ұрпақтың ең алдымен білімін жетілдіріп, мамандығын көтеруге көмектеседі. Білімді де, білікті мамандар ғана заманымыздың өскелең талаптарына төтеп бере алады. Ал уақыт талабы, қазіргідей автоматтандырылған заманда кітапханаға жүктелетін сұраныс, талап та жоғары.

Кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауын қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту. Жалпы, кітапхана жаңа иновациялық технология бойынша дамуын жетілдіру үшін оқырмандарға, оқытушыларға, Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағын тәрбиелеуге – білім бұлағын сусындатуға аса қажет. Яғни біздің колледж басекеге қабілеті маманның қалыптасуы мен кәсіби жетілуін қамтамасыз ететін оқу орны болғандықтан, оның кітапханасының да алға қойған мақсаты – оқу үрдісін сапалы да маңызды құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз етіліп, үлгілі кітапханалық қызмет көрсету болып саналады.

  1. Кітапханадағы оқулықтар тізімі: Кітапхана қорына жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету барысында колледжіміздің оқу-цикл бағдарламасына және бірлестіктің сұраныс тізіміне сәйкес кітапхана қоры толықтырылады. Қазіргі таңда Шымкент Көлік колледжінің кітапханасының қоры – 12715 дананы құрайды. Оның ішінде 9558 мемлекеттік тілде, 3157 орыс тіліндегі оқулықтар болып табылады. Жалпы оқулықтар саны 9121-дана. Сонымен қатар оқу әдістемелік әдебиеттер -2420, ғылыми әдебиеттер– 481, көркем әдеби кітаптар – 39, электронды оқулықтар -654 дана құрайды. Ал оқулықтарымызды мамандықтарға бөліп қарастыратын болсақ,

10410200 – «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы 3950- оқулық бар. Қазақ тілінде 2901 дана, орыс  тілінде 1049 дана оқулық бар. 149- студент білім алады. Бір студентке шаққанда  7- кітапты құрайды, 8,4%

07160500 – «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту» мамандығы 3730- оқулық бар. Қазақ тілінде 2541-дана, орыс тілінде 1189- дана оқулық бар. 214 – студент білім алады. Бір студентке шаққанда  17 дана кітапты 10,5% құрайды.

07160700 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығы 1820- оқулық бар. Қазақ тілінде 1240-дана, орыс тілінде 580- дана оқулық бар. 45 – студент білім алады. Бір студентке шаққанда 35 дана кітапты 1,9% құрайды.

07130600 – «Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы

1015 – оқулық бар. Қазақ тілінде 922.-дана, орыс  тілінде 93-дана оқулық бар. 50 – студент білім алады. Бір студентке шаққанда 20 дана кітапты 100% құрайды.

07140900 – «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы  1175-оқулық бар. Қазақ тілінде 974- дана, орыс  тілінде 201- дана оқулық бар. 74-студент білім алады. Бір студентке шаққанда15 дана кітапты 5,8% құрайды.

07320800 – «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы  1025-оқулық бар. Қазақ тілінде 980- дана, орыс  тілінде 45-дана оқулық бар. 41- студент білім алады. Бір студентке шаққанда 25  дана кітапты 20,5%  құрайды.

Интернет желісі іске қосылған. Студенттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалған.2021-2022 оқу жылында жалпы 680 оқушы білім алуда. Оның 45-і сырттай бөлімде.

2 кесте 2022-2023 оқу жылының кітап қорының құрылымы

 

Қор құрылымының атауы Дана саны Соның ішінде
Орысша Қазақша
1. Оқу әдебиет 12715 3157 9558
2. Ғылыми- әдістемелік әдебиет 481 167 314
3. Аудивизуальді және электронды құжаттар 654 145 509
4. Жалпы оқу-әдістемелік әдебиет 2420 728 1692
5. Ғылыми –популярлық    
  Көркем әдебиет 70 38 32

 

Оқушылар контингентіне шаққандағы жалпы кітап қоры.
2 кесте

Жылдар Күндізгі Сыртқы Келтірілген контингент Жалпы кітап қоры Соның ішінде оқу әдебиет қоры 1 студентке шаққандағы жарамды оқу әдебиет қоры
2021-2022 598 244 842 12715 9558 15,1 %

 

3 кесте

  Жалпы кәсіптік пәндер (соңғы 10 жыл ішінде) 8132 4558 2143
  Арнайы пәндер (соңғы 5 жыл ішінде) 2420 1555 865

 

Skip to content