8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Директор сөзі

Утебергенов Ерзат Шахатұлы

Мен Сізді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!

М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі темір жол көлігі мамандарын даярлау саласындағы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудегі (ТжКБ) жетекші оқу орны болып табылады.

Біздің колледж қоғамның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына тез бейімделе алатын жоғары білікті жаңа буын кадрларын дайындайды.

Ол үшін колледж еңбек нарығының қарқынды өзгеріп отыратын қажеттіліктері жағдайында мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жасайды.

Өз өмірін колледж қабырғасында оқумен байланыстыратын талапкерлерге біз кепілдік береміз:

  • түлектердің қажеттілігі, жұмысқа орналасуы және түлектердің кәсіби мансабын сүйемелдеу;
  • білім беру саласында заманауи технологиялар мен инновацияларды пайдалану;
  • жоғары білікті оқытушылар құрамы;
  • студенттердің қызықты бос уақыты.

Бізідің сайтта сіз колледж жұмысының негізгі бағыттары, қоғамдық-мәдени өміріміз, қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат ала аласыз.

Егер Сізде біздің колледждің жұмысын жақсартатын ұсыныстарыңыз бар болса, біз оларды қуана тыңдаймыз.

Құрметпен, колледж директоры Утебергенов Ерзат Шахатұлы.

10 + 5 =

Skip to content