Колледж миссиясы және бағдары
Еңбек нарығында Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның экономикасын және өндірістік-әлеуметтік деңгейін көтеруде, темір жол саласында жаһандық бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейлі теориялық және тәжірибелік дағдыларды қалыптастырған, инновациялық технология мен озық іс-тәжірибені пайдалану негізінде білікті мамандар дайындай отырып, тәжірибелік өмірде, экономикалық қызметте және қоғамдық қатынастарда сұранысқа ие алдыңғы қатарлы колледждер санатына қосылу.
Колледждің материалды-техникалық базасы туралы ақпарат
Жалпы оқу кабинеттері-16. Компьютерлік кабинеттер-2, Мамандықтар бойынша зертханалық кабинеттер-10, шеберхана-4, интерактивті тақта-8. Колледж асханасы-60 орындық, кітапхана 120,7 кв.м, спорт залы 74,4 кв.м, спорт алаңы- 688 кв.м, мед пункт 17 кв.м , Акт залы 102,5 кв.м орталық интернет жүйесіне қосылған.
Шымкент көлік колледжі 4 қабатты, жалпы аумағы 3105 кв.м, оқу ғимаратында және 3 оқу-тәжірибелік базаларында (1. «Қазакстан темір жолы» Ұлттык Компаниясы» АҚ-ның Шымкент тасымалдау бөлімі филиалының «Қазыкұрт» стансасы, 2. ҚР Шымкент каласының «Шымкент Локомотив Сервис» ЖШС, 3. «Қазакстан темір жолы» Ұлттык Компаниясы» АҚ-ның Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясы филиалы) орналасқан. Колледж ғимараты оқу процессін сапалы аткару үшін мамандалған 16 дәрісхана, 10 зертханалық кабинеттер, 2 компьютерлік сынып, 8 интерактивтік тақтамен қамтамасыздырылган.
Колледжде барлық мамандықтардың оқу процессінде интерактивті тақталар мен мультимедия жүйелері жаңа технология ретінде жиі қолданады. Жалпы оқу процессіне 120 компьютерлер енгізілген. Олардың 2 компьютерлік сыныптарында орналаскан.
2021-2022 оқу жылына М. Тынышбаев атындағы ҚазККА ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНЕ оқуға қабылдаудың қағидалары.
1. Жалпы ережелер
- Оқуға қабылдау қағидалары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы мен ҚР БжҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 303 бұйрығына сәйкес жасалынды.
- Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
- Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8- тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
4-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді. Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі. - Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізеді.
2. Колледжге оқуға қабылдаудың тәртібі
- Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады.
- Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Оқуға түсу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: – оқудың күндізгі нысанына – 2021 жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында; – оқудың сырттай нысанына – 2021 жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында; – білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
- Оқуға өтінішті беру үшін азаматтар білім беру ұйымына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
- Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді. Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі. Бағалардың жиынтық балы: – негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән (осы Қағидаларға 2-қосымша) бағалары; – жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (осы Қағидаларға 2-қосымша) бағалары; – мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағалары бойынша қалыптасады. – мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы. – басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді. Оқуға түсушілердің жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың санаты ескеріледі. Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген. Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген тұлғаларға тиесілілігін растайтын құжаттар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынылады.
- Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
6-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Жұмысшы мамандықтар бойынша орта буынды мамандардың біліктілігін арттыру және дайындау
Артықшылығы: Сабақ сіз үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі (негізгі қызметті үзбестен). Ұжымдық тапсырыстарға жеңілдіктер қарастырылған (15 адамнан кем емес). Қажетті құжаттар: Арыз Жеке куәлік,(көшірмесі) Төлем туралы квитанция (көшірмесі) Келісім-шарт 3*4 сурет 2 дана 086 медициналық анықтама Аттестат немесе диплом көшірмесі Курсқа жазылу үшін сілтемені басыңыз