Форум аясында өткен Қазақстан–Ресей іскерлік кеңесіне Шымкент ALT колледжінің директоры Ерзат Шахатұлы қатысып, білім мен өндіріс арасындағы байланыс, заманауи кадрлар даярлау және кәсіби серіктестік мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Кеңес барысында жұмысшы мамандықтарын дамыту, өнеркәсіп, цифрландыру, көлік және логистика, аграрлық сектор мен энергетика салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Бұл форум екі ел арасындағы өзара серіктестік пен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды.