1–2 қазан күндері Алматы қаласында өткен «KTZ-ALT INNOVATION» хакатонына 43 команда қатысты.
Қатысушылардың басым бөлігі жоғары оқу орындарының студенттері болғанына қарамастан, М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің «Шаңырақ» командасы өз білімдері мен инновациялық жобасын жоғары деңгейде көрсетіп, І орынға ие болды!
Жоба тақырыбы: теміржолдағы пойыздар қозғалысын тиімді жоспарлау және басқару.
Студенттерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс — үлкен еңбектің, ізденістің және білімнің нәтижесі. Алда бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!