8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Индустриалды Кеңес

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің индустриялық кеңестің
2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Міндеттері:

  • білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз ету үшін олардың мазмұнын қарау;
  • тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға олардың қатысуын кеңейту үшін Сала кәсіпорындарымен байланысқа жәрдемдесу ;
  • түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін дағдыларды талап ететін саланың ағымдағы үрдістері, технологиялық өзгерістер туралы ақпарат беру;
  • жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктеріне қатысты кеңес беру;
  • колледждің оқу процесіне кәсіпорындарды тарту бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
  • студенттерге арналған шәкіртақылар мен сыйақыларды тағайындауда жәрдемдесу;
  • колледжге сала кәсіпорындарымен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу.
Жұмыстардың және қаралатын мәселелердің атауы Орындау мерзімі Түпкі нәтиже Жауаптылар
1. Отырыстар
1.

1. Индустриялық кеңестің құрамын,төрағасы мен хатшысын сайлау.

2. Колледждің индустриялық кеңесі туралы ережені қарау және бекіту.

3. Индустриялық кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын қарау және келісу.

4.40904000 —  «Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» , 1108000 —  «Темір-жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» (түрлері бойынша) , 1203000 —  «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» , 1303000 —  «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару», 1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс» (түрлері бойынша), 1409000 —   «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»мамандықтары бойынша оқу жұмыс жоспарларын қарау.

5. 2021-2022 оқу жылына арналған оқу жұмыс бағдарламалары мен пәндер мен модульдер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қарау.

6. 2021 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талқылау

тамыз Хаттама Директордың ОІ жөніндегі орынбасары, директордың ОӨІ жөніндегі орынбасары
2.

1. 2021-2022 оқу жылына арналған тәжірибе және тағылымдама базаларын қарау.

2.Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықтың жаңа түрлерін және колледждің оқу-материалдық базасын нығайту үшін демеушілік қаражатты тарту мүмкіндіктерін талқылау.

3. Колледжге сала кәсіпорындарымен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу.

қаңтар Хаттама Индустриялық кеңестің төрағасы, директордың ОІ жөніндегі орынбасары, индустриялық кеңестің хатшысы
3

1. Өндірістік машықтану қорытындылары бойынша конференцияларға және «бос орындар жәрмеңкесіне» жәрдемдесу және қатысу.

2. 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс есебін қарау, 2022-2022 оқу жылына жұмысты жоспарлау.

3. Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

маусым Хаттама Индустриялық кеңестің төрағасы, директордың ОІ жөніндегі орынбасары, индустриялық кеңестің хатшысы
2. Ұйымдастыру жұмысы
1. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіруге (әзірлеуге) қатысу қажет болған жағдайда Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарлама

Индустриялық кеңестің мүшелері директордың ОІ жөніндегі

орынбасары

2. Бітіруші топ студенттерінің қорытынды аттестаттауына қатысу оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау хаттамалар ы Индустриялық кеңестің мүшелері
3. Колледждің іс-шараларына қатысу (семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқалар). қажет болған жағдайда Фотоесеп .. Индустриялық кеңестің мүшелері
4. Өндірістік машықтанудан өтуге жәрдем көрсету оқу процесінің кестесіне сәйкес Тәжірибе өтуге арналған шарттар Индустриялық кеңестің мүшелері
5. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу Жыл бойы ЗТМО көшірмесі Индустриялық кеңестің мүшелері
6. Колледжге сала кәсіпорындарымен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу қажет болған жағдайда Шарттар

Индустриялық кеңестің үшелері

 

 

 

Skip to content