8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Қабылдау ережелері

2022-2023 оқу жылына Шымкент көлік колледжіне
оқуға қабылдаудың қағидалары 

  1. Жалпы ережелер
  1. Оқуға қабылдау қағидалары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы мен ҚР БжҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 303 бұйрығына сәйкес жасалынды.
  2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
  3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

4-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді.

Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

  1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізеді.

2. Колледжге оқуға қабылдаудың тәртібі

  1. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады.
  2. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. Оқуға түсу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі:
    — оқудың күндізгі нысанына — 2021 жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында;
    — оқудың сырттай нысанына — 2021 жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
    — білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
  4. Оқуға өтінішті беру үшін азаматтар білім беру ұйымына (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі — портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі — Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
  5. Білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:
    — негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер үшін — негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
    — жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша;

      Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

      Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

      Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

      Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

      Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

      Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

      Білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары — күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың сырттай нысанына — күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

      2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.

      Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

      Оқуға түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді

      Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      5-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді.

      Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

      Бағалардың жиынтық балы:

      • негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалары;
      • жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағалары;
      • мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағалары бойынша қалыптасады.
      • мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.
      • басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 7-қосымшадакөрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.

      Оқуға түсушілердің жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың санаты ескеріледі.

      Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген.

      Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген тұлғаларға тиесілілігін растайтын құжаттар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынылады.

      1. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      6-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      1. Оқушыларды білім алушылардың құрамына қабылдау.

      Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына — күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;

      2) оқудың сырттай нысанына — күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Білікті жұмысшы кадрлар даярлау техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына — негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың сырттай нысанына — негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

      1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем;

      2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

      Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына — күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша — күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай оқу нысандарына — күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

      1-қосымша

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
      білім беру бағдарламаларын іскеасыратын білім беру
      ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына
      1-қосымша

       

      Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

      Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

      Мамандықтың атауы

      Бейіндік пән атауы

      Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

      Орта білім (жалпы орта)

      0900000 — Энергетика

      0904000

      Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

      Математика

      Математика

      1100000 — Көлік (салалары бойынша)

      1108000

      Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

      Математика

      Математика

      120000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану

      1203000

      Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

      Математика

      Математика

      1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника

      1303000

      Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару

      Математика

      Математика

      1306000

      Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

      Математика

      Физика

      1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

      1409000

      Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

      Математика

      Математика

            Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.

      4-қосымша

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
      білім беру бағдарламаларын іскеасыратын білім беру
      ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына
      4-қосымша

       

            «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      1

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші).

      2

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі — портал).

      3

      Мемлекеттік
      қызмет көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
      күндізгі оқу нысанына — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы;
      сырттай (кешкі) оқу нысанына — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;
      өнер және мәдениет мамандықтары бойынша — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығы;
      2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығы, оқудың кешкі нысанына — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;
      3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 15 минут;
      4) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

      4

      Көрсету нысаны

      электрондық/қағаз түрінде

      5

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

      6

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

      Тегін

      7

      Жұмыс кестесі

      қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.​edu.​gov.​kz интернет-ресурсында;
      2) www.​egov.​kz порталында орналасқан.

      8

      Құжаттардың тізбесі

      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
      2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
      3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
      4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6697 болып тіркелген) № 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
      5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушылар — шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      3) босқын – босқын куәлігі;
      4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      5) оралман — оралман куәлігі.

      Порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
      2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
      3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген № 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
      4) 3×4 см көлеміндегі фотосурет;
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
      2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
      Белгілі бір аумақта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақтың бірінші абзацының 4) тармақшасында және екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайдың тоқтатылуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.

      9

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      10

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады;
      2) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8 800 080 7777 арқылы алады.Жүктеу

      7-қосымша

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
      білім беру бағдарламаларын іскеасыратын білім беру
      ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына
      7-қосымша

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

       

      Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

      Мамандықтың атауы

      Бейіндік пән атауы

      Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

      Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

      Орта білім (жалпы орта)

      Орта білім (жалпы орта)

      0900000 — Энергетика

      0904000

      Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

      Алгебра

      Физика

      Алгебра және анализ бастамалары

      Информатика

      1100000 — Көлік (салалары бойынша)

      1108000

      Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

      Алгебра

      Физика

      Алгебра және анализ бастамалары

      Физика

      120000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану

      1203000

      Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

      Алгебра

      Физика

      Алгебра және анализ бастамалары

      Физика

      1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника

      1303000

      Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару

      Алгебра

      Физика

      Алгебра және анализ бастамалары

      Физика

      1306000

      Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

      Алгебра

      Физика

      Физика

      Информатика

      1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

      1409000

      Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

      Алгебра

      Физика

      Алгебра және анализ бастамалары

      Физика

      Skip to content