8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Қамқоршылық Кеңес

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің 2022-2023 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспары

 

№ р/с Атқарылатын іс-шаралар Өткізу уақыты
1. Колледждің қамқоршылық кеңес құрамын бекіту қыркүйек
2. 

Қамқоршылық кеңестің №1 отырысы

1.     Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерін анықтау

2.     Оқу процесіндегі нормативтік-құқықтық және әдістемелік нұсқаулармен танысу, негізгі бағыттарды анықтау

3.     Колледжде медиация қызметтерін құрудың өзектілігі

4.     Колледждің білім беру ортасында және үйде заңсыз әрекеттерден жасөспірімдерді сенімді қорғау.

5.     Кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік және экстремистік көріністердің алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру.

қыркүйек

 

3. Колледж білім алушылары қатарынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған студенттердің тізімін дайындау қыркүйек
4. Колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ықпал жасау қазан
5. Студенттерге мамандық бойынша өндіріс орындарына саяхат жасауды ұйымдастыру қазан
6. Колледждің жалпы ата-аналар жиналысына қатысу қазан
7. Білім алушылардың ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау қазан
8. Девиантты студенттердің тәртібін түзету жұмыстарын жүргізу қараша
9.

Қамқоршылық кеңестің №2 отырысы

1.     Колледжде білім алушы кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің қараусыз және құқық бұзушылықтарын болдырмауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар.

2.      «Тәуекел тобына» жататын жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық сипаттамалары.

3.     Білім алушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу.

желтоқсан
10. Жаңа жылдық мерекесіне қатысу. Аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге сыйлықтар үлестіру желтоқсан
11.

Қамқоршылық кеңестің №3 отырысы

«Сәттілікті өз қолымызбен жасайық» — әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге арналған іскерлік тренинг

1.     Ата-аналарды қабылдау күнін ұйымдастыру. Ата-аналардың отбасында кездесетін қиындықтарының оңды шешілуіне ықпал жасау

2.     Студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында колледждегі пән үйірмелеріне қолдау көрсету

наурыз

 

1. Наурыз мерекесін ұйымдастыруға ат салысу наурыз
2. Колледж аумағын көгалдандыру және абаттандыру іс-шараларына  қатысу сәуір
3. «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру. Түскен қаражат пен киім-кешекті аз қамтылған балаларға үйлестіру мамыр
4.

Қамқоршылық кеңестің №4 отырысы

1.     Қамқоршылық кеңесінің есебінде тұратын студенттерге «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында аудандардағы тарихи ескерткіштер мен мұражайларға экскурсия ұйымдастыру

2.     Әлеуметтік жағдайы төмен студенттердің жазғы демалысын ата-аналармен бірлесіп ұйымдастыру

3.     Жылдың қорытындысын шығару. Үздік студенттерді марапаттап, қамқоршылық кеңес атынан сыйлықтар ұсыну

маусым

 

2022-2023 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің қағидалары

Жалпы ережелер

  1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі — Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
  2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.
  3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
  4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

  1. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
  2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.

Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

  1. Хабарламаны алған қамқоршылық кеңестің мүшесі қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.
  2. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.
  3. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
  4. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.
  5. Колледж қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.
  6. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
  7. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
  8. Колледж өзінің интернет-ресурсында қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
  9. Колледжде қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.
  10. Колледжге қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері.
Skip to content