26.09.2024ж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлік жұмыс жоспарына сәйкес, «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы аясында «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында педагогикалық ұжыммен жиналыс өтті. Жиналыста студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары айтылды. Атап айтқанда:
I. Педагогтердің негізгі міндеттерінің бірі – өз үлгісін көрсете отырып, студенттердің дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құндылықтары мен нормаларын дамытуға көмектесу үшін қауіпсіз және қолдаушы орта құру.
II. Құндылықтарды оқыту және дамыту барысында, топ сағаттары мен пәннің мазмұнын пайдалана отырып, тұлғаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Топ сағаттарының мазмұны құндылықтарға бағытталған болу керек, ал пәндер бойынша оқу материалдары өзекті мәселелерді талқылауды және тұлғалық дамуды қамтуы тиіс.
Педагогтер адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында колледжішілік іс-шаралар ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ студенттерді белсенді түрде қызықтыру үшін түрлі педагогикалық әдістерді қолданып, оқыту процесін қызықты әрі нәтижелі ету маңызды. Этикалық дилеммаларды талдау және шығармашылықты дамыту үшін оқу материалдары мен ресурстарын пайдалану ұсынылады.
III. Сабақтан тыс қызметте көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Колледж деңгейінде өткізілетін шаралар студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін ашуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету үшін қоғам қайраткерлерін, ата-аналарды шақыру ұсынылады. Сондай-ақ әлеуметтік белсенділік пен волонтерлік қызметті дамыту мақсатында түрлі жобалар әзірлеп, іске асыру арқылы студенттерде жауапкершілік, азаматтық белсенділік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға баса назар аудару қажет.
Негізгі назар аударылатын сәттер:
-Студенттерді мұқият бақылау.
-Мәселелерді ерте анықтау.
-Алаңдаушылық белгілеріне жауап беру.
-Қатысу және бей-жай қарамау.
-Ата-аналармен ынтымақтастық.