Студенттердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру,жүгіру арқылы төзімділікті,жылдамдықты және ерік-жігерді дамыту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ұжымдық рухты қалыптастыру, белсенді демалыс пен дене шынықтыру мәдениетін насихаттау мақсатында “25 — қазан Республика күні” мерекесіне орай 1 курс студенттері арасында “Күзгі кросс” эстофеталық жарысы болып өтті. Жарыс соңында жеңімпаз студенттер Алғыс хатпен марапатталып, медальдар табыс етілді.