Жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бірлесе ұйымдастыруымен «Таза Шым» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
♻️ Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру және туған қаланың тазалығына үлес қосу.
🌿 Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық ерікті жас қатысып, Абай саябағы аумағында қоқыс қалдықтары мен жапырақтарды жинап, саябақтың тазалығын сақтауға белсене атсалысты.