М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінде TEDx форматында теміржол саласында бірнеше қызметті атқара отырып жетістікке жеткен ұлағатты ұстаз Жаманкулов Нурлан Толкыбековичпен кездесу өткізілді.
Т.Н. Жаманкулов 1979 жылыТеміржол институты- теміржол инженер құрылысшы мамандығын ақтаған.
1984 жылы әскер қатарында 1,5 жыл болып соның 1 жылын Ауғанстанда қызмет еткен.
1984-2022 жылдар аралығында Теміржолда жұмыс жасап, жол бригадирінен бастап, дистанция бастығына дейін көтерілген. Сондай-ақ 2002-2008 жылдар аралығында Шымкент магистралі темір жол желісінде бас инженер қызметінде болған.
1997-1998 жылдарда Түркістан Теміржол басқармасында жол шаруашылығы қызметінде Департаменттің орынбасары болып қызмет атқарған. Интернационалдық борышын өтеу барысында бірнеше медальдармен марапатталған.
Кездесудің мақсаты: Білім алушыларға өзінің теміржол саласындағы жеткен жетістіктерімен және де өмірлік кеңестерін айта отырып, болашақ теміржолшыларға өз мамандықтары мен қызметтеріне деген қызғушылығын арттыра отырып, теміржол саласындағы патриоттық сезімдерін ояту.