Миссиясы: “Мейірімділік -жүректен, қайырымдылық білектен” деген халық даналығын ұранымызға айналдырып,жас ұрпақтың бойында мейірім кілтін табу .
Мақсаты: Білім алушылардың бойында адам баласына тән игі қасиеттердің асылы – мейірімділік туралы жан-жақты ой қозғап, оны күнделікті өмірде қолдануға, жалпы тіршілік атаулыға бірдей мейірімділік танытуға насихаттау, қамқорлық жасауға баулу.
Міндеті: Әртүрлі іс-шаралар арқылы мейірімділік туралы танымдарын кеңейту, жақсы қасиеттерін өз араларында көрсете білуге мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже: Жүрегі жақсылыққа, игі амалдарға толы, бойында қазақи қасиеттер табылатын, толерантты, білімді жастар – Жаңа Қазақстан болашағының іргетасы.