8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Әділетті Қазақстанда білім саласына ерекше рөл беріледі

«AMANAT» партиясының Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна мен БПҰ төрағасы Сейтов Марат білім алушы студенттер мен ұстаздармен кездесу барысында 20 қарашада өткен президент сайлауында кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеңіске жетуімен құттықтады! Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы 82,45% дауыспен жеңіске жеткенін айтты.

Педагогтер өздерінің барлық рухани күші мен білімін өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, отаншыл және табысты азаматтарды құруға құяды.Шығармашылық жұмысқа барлық жағдайлар жасалып, оларға тән емес қызметтерден босатып, педагогтердің әлеуметтік мәртебесі көтерілетіндігі айтылды. Барлығын әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырып, барлықтарыңызға белгілі сайлауалды бағдарламар бойынша мәселелер жазылған еді . Осы бағдарлама енді жүзеге асады, нәтижеге жету үшін бірлесе отырып жұмыс атқаруымыз қажет .

Әділетті, қуатты Қазақстанды бірге құрайық !!!

Skip to content