Бүгін «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс- шараларды институционализациялау» жобасы аясында аналар кеңесі өтті. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарамасының ұйымдастыруымен өткен жиынға әр саладағы белсенді әйелдер, аналар және студент жастар қатысты.
Отбасы құндылығын нығайтуды мақсат тұтқан бұл жоба аналар кеңесімен шектеліп қалмақ eмec.
Сондай-ақ, шахардың саяси белсенді тұлғалары Түркістан облысы және Шымкент қаласының әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі Жандосова Баян Айтбекқызы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Архабаева Алма Нұралықызы және «Асыл бала» ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мектебінің құрылтайшысы Үсенова Гүлнәр Кәрімқызы әйелдер қауымының бала тәрбиесіндегі және дамытудағы ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Оралбаева Зәуре Әбдіхамитқызы отбасы қағидаларына тоқталды. Ерекше баянмен басталған кездесу жақсы естеліктер, ғибратты әңгімелерге жалғасты. «Халыққа тағзым» ерекше күтімді қажет ететін өнерпаз жандар қоғамының төрайымы Гүлбаршын Жайлымысова, Орталықтандырылған «Абай» кітапханасының директоры Нұрила Жұманова студент жастарға болашаққа бағдар болатын оқулықтар айдарымен де таныстырды.
Жиын соңында айтыскер ақын, мәдениет майталманы Карима Оралова жырдан шашу шашты.
Қорытындылай келе, іс-шара қонақтары аналар кеңесі мен қыздар кеңесін ай сайын жастар арасында өткізуді ұсынды.