8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Архив және болашақ ұрпақ» жобасына сәйкес 2023 жылдың 1 наурызында «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ жас жеткіншектерді Отан сүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу, тарихты, салт-дәстүрді зерделеуге баулу, сондай-ақ архив құжаттарын насихаттау, өңіріміздің тарихын, ата-бабалар тарихын, өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасының «М. Тынышбаев атындағы Қаз ККА» Шымкент көлік колледжі студенттеріне өткеніміз бен өшкенімізді түгендеп, руханиятымыз бен тарихымызды құнды құндылықтармен толықтырып отырған архив мекемесінің маңыздылығы мен қоғамдағы ролі туралы мәлімет беріліп, Ресей мемлекеттік архивтерінен әкелінген өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттар, еліміздің дамуына қарымды үлес қосқан дара тұлғалардың жеке текті құжаттары, мемлекеттік сақтауда тұрған төте жазу, латын графикасындағы құнды құжаттар бойынша ұйымдастырылған көрмесімен таныстырды.
«Архив және болашақ ұрпақ» жобаны іске асыру аясында студенттер Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің тарихын, сондай-ақ халқымыздың басынан өткен қиындықтарды ашаршылық, қуғын-сүргін қияметтерін бейнелейтін бейне ролик көрсетілді. Архивтің негізгі бөлімдерінің атқаратын қызметіне, архивтік құжаттарды цифрлы таңбаға көшіру барысына, қоймаларына экскурсия жасады.

Skip to content