8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

М. Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар өз жалғасын табуда. 16.02 күні колледж студенттері арасында “ Әр өлеңі-бір әлем” атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында студенттер өз таланттарымен бір-бірімен бақ сынасса, 17.02 күні “ Дәл Мұқаңдай қазақта ақын бар ма?!” атты әдеби-сазды кеш жалғасын тапты. Кеште студенттер ақынның өлеңдерін оқып, әндерін нақышына келтіріп орындаса, “Жетімдер үні” көрінісі көрерменнің көңіліне мұң, көзіне жас ұялатты.

Мәнерлеп оқу сайысы мен эссе байқауының жеңімпаздары марапатталып, алдағы уақытта биік-белестерден көріне беруіне үміт артамыз. Ақиық ақынның жырларын жаттап өсер ұрпақтың қатарын көбейтуді мақсат еткен апталық өзінің мәресіне жетіп, ақынның өлеңдері мен жалынды жырлары мәңгілік екенін тағы да бір дәлелдегендей.

Skip to content