Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын жариялады.Президент жолдауын көпшілік оқырманға насихаттау мақсатында кітапханада «Ел президенті жолдауы-жарқын істер бастауы» атты ақпарат сағаты өтті.
Шараға М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің студенттері және тарих пәнінің оқытушысы Абдимоминова Асия , кітапханашы Қаракөз Жакипова қатысып, Қазақстан экономикасын көтеру үшін жаңа бағыттар қарастырылып, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интелектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау сияқты басымдықтар туралы айтып өтті.
Кітапханашы А. Ахметова жолдаудың маңыздылығына қосымша тоқталып президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғанын атап өтті.