2024 жылы 7 маусым күні Шымкент қалалық білім басқармасының М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің студенттері Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Психикалық денсаулық орталығы” МКК-на «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған есірткіге қарсы профилактикалық іс- шаралар» жоспарына сәйкес «Өз көзіңмен көр» тақырыбында ашық есік күніне белсене қатысты. Іс-шарада “Психикалық денсаулық орталығы” МКК мамандары жастарға салауатты өмір салтын насихаттауға, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау үшін алдын алу жұмыстарының маңыздылығын түсінуге, жастар тобында еліктеушіліктен есірткіні қолданудың ең көп жағдайы байқалатынын айтып, дәлел ретінде емделушімен жүзбе-жүз әңгімелесе отырып, сұрақ-жауап жүргізді. Сондай-ақ, ашық есік күнінде “Психикалық денсаулық орталығының” базасымен таныстырып, емделушілердің ем алу режиміндерін көрсетті. Жастар белсенді қатысып, өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты теріс көзқарастарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.