2026 жылғы 28–29 қазан күндері Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен теміржол көлігі саласы педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
07160500 – «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы Өмірзақ Бақытжан Ержанұлы ІІ орынға ие болды!
Конкурсқа қатысушының сарапшысы – Абдибай Сәуірбай Ауелбайұлы.
Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби жолдарыңызға толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!