8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Бүгін Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы QazATK колледжінің жастарына А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды.

Мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту, ұлттық руханиятымызды кеңінен дәріптеу.

Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.

А.С.Пушкин атындағы кітапхана 1899 жылы орыс халқының ұлы ақынының 100 жылдық мерейтойына орай ашылған. Қала тұрғындарының өздері қаржы жинап, қоғамдық кеңес үйінің ғимаратын салды. Ол жерде басында би кештері, әуесқой театр әртістерінің қойылымдары көрсетіліпті. Осы ғимарат ішінен 1899 жылы, А.С.Пушкиннің 100 жылдығы қарсаңында, ақын атындағы ең алғашқы кітапхана ретінде ашылған, – деді кітапхана меңгерушісі.

Skip to content