Колледждің жұмыс жоспары бойынша кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде: колледждің 2023-2024 оқу жылының қысқы сессиясының қорытынды есебі, I-семестріндегі оқу-тәрбие процесінің есебі, білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайының жарты жылдық қорытындысы, пәндік бірлестік жұмыстарының жарты жылдық есебі және ағымдағы әртүрлі мәселелер қарастырылды.