М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінде Еңбекші ауданы әкімдігі аппаратының қолдауымен 1-курс студенттері арасында «Күзгі кросс» эстафеталық жарысы ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа қызығушылығын арттыру және жастар арасында бірлік пен ынтымақты нығайту.
Жарыс барысында студенттер белсенділік, шапшаңдық пен ұйымшылдық танытып, өзара бақ сынасты.