Қоғам қайраткері М.Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы, сондай-ақ Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті.
Еңбекші ауданы әкімдігі және Шымкент көлік колледжінің ұйымдастыруымен өткен турнирге аудандағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталған спорттық турнирдің ашылу салтанатында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев және М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің директоры Ерзат Өтепбергенов сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Футбол жарысы колледж студенттерін отансүйгіштікке, бірлікке, ортада өз ойымен бөлісуге, бір-біріне деген мейрімділікпен сыйластықты арыттыруға баулиды. Сондықтан ауа-райының қолайсыздығына қарамай турниге атсалысып отырған ұйымдастырушыларға, оқушыларға алғыс білдіремін.Ойыншыларға сәттілік. Мықтылар жеңіске жетсін!—деді Д.Амангелдиев.
Айта кетейік, спорттық турнирге іріктеуден өткен 12 команда қатысты. Жеңімпаздар жүлделі орындармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.