8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Жаңа форматта, ашық алаңда колледж директорының апталық кездесулері басталды!!!!

Алғашқы бастау «Open Spaсе» форматындағы белсенді студенттерімен және жастар комитетінің мүшелерімен кездесуі. Бұл жай ғана кездесу болған жоқ студент белсенділері, көшбасшылары өз тілектерін, талаптарын, сұрақтарын ашық айтуға мүмкіндік алды. Колледж директоры Бағдаулет Ермаханұлы Студенттік Парламент, Старостат, Жастар комитететі, белсенді студенттер құрамымен бейресми жағдайда сөйлесті. Кездесудегі маңызды мәселе біздің оқу ордамыздағы оң өзгерістерді біз студенттермен бірігіп жасайтынымыз деп ерекше атап өтті.Сонымен қатар ұлттық құндылықты дамыту негізделген іс- шаралардың көбейту туралы айтылды. Студенттер кездесудің соңында алған әсерлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, колледж директоры әлеуметтік желілерді «instagram», «тик-ток», Facebook парақшасын белсенді жүргізуге шақырып колледж имиджін, колледж брендін арттыруға негіз болатын өз бастамаларын дамытудан қорықпауға шақырды.

Skip to content