Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінде «Шахмат ойнау» челленджі өтті. Челлендж мақсаты студенттердің зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту, табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыру болып табылады.
