«22-Наурыз» мерекесіне орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, М.Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледжінің студенттерімен «Шежіре, ел-жұрттың тарихы» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
Кездесудің қонағы елімізге танымал жазушы, тарихшы, шежіреші — Момбек Әбдәкімұлы қатысып, жастармен ашық диалог құрды.
Іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың бойына Ұлылардың даналығы мен даралығын сіңіру, сонымен қатар ғасырлар бойы ұлттың рухын шыңдаған тұлғалардың құнды рухани-мәдени байлығын ұлықтау болып табылады. Кездесу соңында М.Әбдәкімұлы колледжге өз кітаптарын сыйға тартты.