8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

2024 жылдың 30 қаңтар күні М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ», «Ұлт аралық татулық»,«Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыбында TEDx форматында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен керағар діни ағымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері, және жасөспірімдерді спортқа, өнерге, мәдениетке қызуғушылықтарын арттыру.

Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы М.А.Ирисбекович, Шымкент қаласы Дін басқармасы “Дін зерттеу орталығының” КММ теолог маманы С.Д. Нұржанқызы, “Психикалық денсаулық орталығының” дәрігері, нарколог Қ.Қ. Жаркынбековна, “Шымкент мәдениет үйі” қызметкері Ә.А. Тойшыбайұлы, №2 спорт мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.М. Салинович және жаттықтырушысы П.А.Александрович, М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Дүйсенбаевич қатысты.

Сөз соңында сала мамандары студенттерге жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.

Skip to content