8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Шымкент ст.ЖПБ қызметкерлерінің колледжіміздің еріктілермен бірге түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Құқықбұзушылықтарды ескерту және жолын кесу, қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумақтарында «Теміржол – қауіпті аумақ» тақырыбында еріктілермен бірге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында бөлім қызметкерлері Шымкент ст. ЖПб қызмет көрсету аумағында теміржол объектілеріне жақын орналасқан елдімекен тұрғындарымен теміржолдан белгіленбеген жерден өту фактілері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қойылған міндеттерді орындау үшін теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу фактілері бойынша құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу мақсатында ақпараттық парақшалар таратылды.

Skip to content