8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

Бүгін, Шымкент қаласы әкімдігі, ардагерлер кеңесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлының қатысуымен «Жастар – ізгі қоғам айнасы» тақырыбында рухани – танымдық форумы өтті.

Форумың мақсаты – азаматтардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді араласуын, олардың ортақ мақсатқа жету жолында күш біріктіруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі құндылықтарды сіңдіре отырып, рухани-танымын өсіруге бағытталған.

Форумда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, ҚМДБ Шымкент қасалы бойынша өкілдігі бас имамының орынбасары Ақтамберді Мұсабек жастарға арнап сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум барысында дін мен дәстүрге, бала тәрбиесіне, деструктивті діни ағымдардан сақтануға қатысты тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Іс-шара соңында, форумда ұсынылған бастамаларды қолдай отырып, мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі үшін, жастарды заманға сай білім алуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, жат діни ағымдардан сақтануға, рухани-танымды дамытуға шақырып, үндеу жарияланды.

Skip to content