8 (7252) 92-19-19 shtkkazatk@mail.ru
Select Page

М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінде «Жұмыс беруші күні» іс шарасы өткізілді. Мақсаты-техникалық және кәсіптік, орта білім білімнен кейінгі білім беру, кадрларды даярлау сапасын арттыру; жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Іс-шараға колледждің жұмыс беруші әлеуметтік серіктестері, колледж оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты. Жұмыс беруші әлеуметтік серіктес мекемелердің және олармен ынтымақтастықтың колледж үшін өзіндік үлкен орны бар екені айтылды. Аталмыш іс-шараға » ҚТЖ – Жүк тасымалы” “ЖТ-Шымкент бөлімшесі» филиалының бас инженері Нуржанов И.Б., «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ » Шымкент магистральды желі бөлімшесі» филиалының бас инженері Битемиров M.M., «Oilers» ЖШС-нің техникалық директоры Кошимов Т.Е., «Шымкент Рем Сервис» ЖШС-нің өкілі Кукимов Д.С., «ТТТ Сервис» ЖШС-нің директордың орынбасары Тасмуратов Е.Б. қатысты.

Колледж басшысы Б. Абызбаев колледждің қызметі туралы баяндама жасап, әлеуметтік серіктестерді ҚР Оқу-ағарту министрінің, Шымкент қаласының білім басқармасының, колледж әкімшілігінің атынан Алғыс хаттарымен марапаттады. Қонақтар колледждің материалдық- техникалық базасымен танысып, дуалдық оқыту жүйесі, академиялық дербестік, т.б. өзекті мәселелер бойынша Ашық алаңда пікір алмасты.

Skip to content