Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әбдімажитұлы «Жыл көшбасшылары — 2023» премиясының салтанатты рәсіміне қатысып, үздік жастарды марапаттады. Дәстүрге айналған байқаудың негізгі мақсаты – мегаполисте мемлекеттік жастар саясатының дамуында, елдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан түрлі сала жастарына қолдау көрсету.